Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мұнай бағасы барреліне 51 долларға құлдырады

AstanaTV
03.08.2015ж. 20:00
828
Мұнай бағасы барреліне 51 долларға құлдырады

Мұнай бағасы барреліне 51 долларға дейін арзандады. Сарапшылар пікірінше, қара алтын құнының төмендеуі Ресей рубліне кері әсер етуде,- деп жазады ТАСС. Мәскеу биржасындағы Ресей валютасының құны долларға және евроға шаққанда құлдырап тұр. Өткен аптада Ресей мен ОПЕК елдері  2016 жылға қарай мұнай нарығындағы жағдай реттеледі деп болжаған. Алайда, жағдай олай болмайтын түрі бар.

Еске салайық, 2014 жылдың жазынан бері көмірсутегі құны екі есеге дейін түсті. Яғни  Brent маркалы мұнай барреліне 100 доллардан 45 долларға дейін құлдырады. Мұнай нарығын реттеушілер мұнай өндіру квотасын тәулігіне 30 млн  баррель күйінде ұстап тұрмақ болған. Бірақ бұл әрекет те нәтиже бермеді, қара алтын құны одан сайын құлдырады. Тек осы жылдың қаңтар-ақпан айларында баға ептеп өсе бастады, 6 мамырда  мұнай құны барреліне 69 долларға жетті.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА