Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда көлік жүргізушілері үшін интерактивті тақта орнатылды

AstanaTV
05.08.2015ж. 20:00
1779
Алматыда көлік жүргізушілері үшін интерактивті тақта орнатылды

Алматыда көлік жүргізушілері үшін интерактивті тақта орнатылды. Электронды табло Фурманов көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан.

Интерактивті тақта көлік ағымының жылдамдығы мен жолдағы кептелісті көрсетеді. Сонымен қатар, таблодан қай жерде қандай көше орналасқаны туралы да ақпарат алуға болады. «Ақылды»  тақта көлік тұрағының қай жерде екенін көрсетеді. Айналма жолдар туралы мағлұмат беріп,  жаяу жүргінші жолағына дейін қанша шақырым қалғанын ескертеді. Және кептеліс орын алған көшелерді қалай  айналып өтуге болатыны жайлы мәлімет береді.

Күнделікті  ауа-райы туралы ақпаратты да дәл осы тақтадан көруге болады. Электронды таблоға мәліметтер мен бейнетаспалар қаладағы бейне-бақылау камераларынан келіп түседі.

Самат ҚАНАҒАТОВ