$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Қазақстанда зейнетақы көлемін еңбек өтіліне байланысты тағайындау 2017 жылдың бірінші шілдесінен іске қосылады

AstanaTV
06.08.2015ж. 20:00
1106
Қазақстанда зейнетақы көлемін еңбек өтіліне байланысты тағайындау 2017 жылдың бірінші шілдесінен іске қосылады

Қазақстанда зейнетақы көлемін еңбек өтіліне байланысты тағайындау 2017 жылдың бірінші шілдесінен басталады. Жуырда Мемлекет басшысы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды реттейтін заң жобасына қол қойғаны белгілі.

Оған сәйкес, еңбек өтілі он жылдан төмен немесе мүлдем жұмыс істемеген азаматқа ең төменгі күнкөріс көлемінің 50 пайызы тағайындалады. Еңбек өтілі он жылдан асқан зейнеткердің әрбір жылы үшін базалық зейнетақы көлемі екі пайызға артып отырады. Осылайша еңбек жылдары 35 немесе одан асқан зейнеткер базалық зейнетақы көлемінің 100 пайызын, 30 жыл өтілі барлар ең төменгі күнкөріс көрсеткішінің 90 пайызын, ал 20 жылдық өтілі бар адам - 70 пайызын  алады.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жұмыс беруші есебінен жұмыскердің зейнетақы шотына аударылатын 5 пайыздық төлем жайында түсініктеме берді. Ол қаражат Бірыңғай зейнетақы жүйесінде жұмысшының міндетті аударымдарынан бөлек ортақ шотқа жинақталады, және жұмысшыға тиесілі емес. 5 пайыздық аударымдарды алу 2023 жылдан басталады.

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі: 

Бұл қаражат жұмыс берушінің есебінен аударылғандықтан, ол жұмысшыға тиесілі емес. Мысалға, зейнеткерлік жасқа жете алмаған адамдар бұл қаражатты ала алмайды. Ал жиналған ақша ортақ қазандықта болашақ зейнеткерлерге үлестіріледі. Бұл 5 пайызды алу үшін, кем дегенде 60 ай аударымдар жүріп тұруы тиіс.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ