$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық салдарынан астықтың тең жартысы күйіп кетті

AstanaTV
06.08.2015ж. 20:00
966
Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық салдарынан астықтың тең жартысы күйіп кетті

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық салдарынан астықтың тең жартысы күйіп кетті. Биыл 274 мың гектар жерге егілген дәнді дақылдардың 105 мың гектары бүгінде жарамсыз деп танылған.

Қазір есептен шығарылатын егістіктің көлемі нақтылануда. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков мәлімдеді. Мамандар маусым-шілде айларында ауа температурасының +45 градусқа дейін барғанын айтады, ал топырақ қабатындағы жылу 70 градусқа дейін көтерілген. Осының кесірінен алынатын өнім көлемі гектарына 4-5 центнерден аспауы мүмкін. Дегенмен, мамандар биыл қамбаға 80 мың тоннадай астық құйылады деген болжам жасауда.

Марат Оңғарбеков, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Міндетті сақтандыру заңы бойынша бізде осы күні 111 мың гектар сақтандырылды. ОБС деп айтамыз, ОБС арқылы шаруа қожалықтары сол аудан әкімшіліктерімен бірге комиссия құрып, осы жерлердің бәрін жаңағы тізімнен шығаруға жұмыстанып жатыр. Енді заңға сәйкес әр шаруа қожалығы өзінің келген шығындарын осы заңды пайдаланып жабады деп есептеп отырмыз.

Еркін КАРИН