Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мысырда су тасымалы арқылы ел табысын еселей түсетін екінші Суэц каналы ашылды

AstanaTV
06.08.2015ж. 20:00
1493
Мысырда су тасымалы арқылы ел табысын еселей түсетін екінші Суэц каналы ашылды

Мысырда  екінші Суэц каналы ашылды. Жергілікті биліктің есебінше, су тасымалы арқылы елдің табысы еселене түспек. Алғашқы канал  XIX ғасырдың ортасында салынған еді. Қазір онда сиымдылық тым аз. Жаңа каналды салу қажеттігі осыдан туындаған. Маңызды құрылысқа  8 миллиард доллар қаржы жұмсалды. Ақша шетелдік инвесторлар тарапынан берілген. Мысыр басшылығы жаңа теңіз жолы 2023 жылға дейін  кірісті 5 млрд доллардан 13 млрд-қа дейін арттырарына сенімді. Егер үміт ақталса,  бұл  туризмнен түсетін табыспен пара-пар болмақ.

«Жаңа Суэцтің» ұзындығы - 72 шақырым. Оның жартысы ескі арнамен қатарласып ағып жатыр. Канал арқылы екі бағытта да кемелер еркін жүре алады. Мұндай мүмкіндіктің туғанына мысырлық тұрғындар да қуанышты. Олар мұны елдің жаңа президенті Абдель-Фаттах ас-Сисидің еңбегі деп біледі.

Ахмед Шанин, Каир тұрғыны:

Сиси мырза Суэц каналының құрылысын жоспарланғандай үш жылға созбай, небәрі бір жылда аяқтатты. Мысырдың жаңа жетістігі деп мақтануға әбден тұрарлық жаңалық бұл.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ