$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Эболаның беті қайтты

AstanaTV
06.08.2015ж. 20:00
1080
Эболаның беті қайтты

Эболаның беті қайтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирусты жұқтыру фактілері күн санап кемуде. Ұйымның баяндамасында көрсетілгендей, шілденің жиырма алтысы мен тамыздың екісі аралығында  екі адам ғана кеселді жұқтырған. Оның бірі Гвинеяда, екіншісі - Сьерра-Леонде.

Эбола таралып жатқан Батыс Африкадағы тағы бір мемлекет Либерияда соңғы үш аптада вирус жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелмепті. Мамандар дерттің бұлайша күрт тыйылуының себебін түсіндіре алмай отыр.

Айта кетейік, бұл індеттің таралуы басталғалы бері эболадан 11 мың адам көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, мамандар жүз пайыздық нәтиже беретін вакцина шығаруға жақын қалған көрінеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ