Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Астана» футбол командасы Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды

AstanaTV
06.08.2015ж. 20:00
3723
«Астана» футбол командасы Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды

«Астана» футбол командасы Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды. Бұл жолы өз алаңында Финляндияның «ХИК» клубымен сынға түскен Станимир Стойловтың шәкірттері екі кездесу қорытындысы бойынша 4-3 есебімен басым түсті. Сырт алаңда өткен ойын 0-0 есебімен тең аяқталған еді.

Астанада өткен кездесу  қазақстандық клубтың пайдасына шешілді. Десе де, қарымта ойынның алаң иелері үшін сәтсіз басталғанын айта кетуге тиіспіз. Кездесу басынан толассыз шабуылға шыққан қонақтар 2-0 есебімен алға ұмтылған. Бұл сәттерде Джаллоу мен Гидеон Баах мергендігімен танылды.

Бірақ артынша қарымта шабуылға шыққан «Астана» футболшылары таразы басын теңестіріп қана қоймай, 3-2 есебімен алға шықты. Алаң иелері сапында Патрик Твумаси, Рохер Каньяс және Дмитрий Шомко жанкүйерлер қошеметіне бөленді. Бірақ бірден жылдам шабуыл ұйымдастырған «ХИК» командасы есепті теңестірді. 11 метрлікті сәтті орындаған Зенели мүлт кетпеді. Дегенмен, өз жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысқан «Астана» командасы кездесудің соңғы минутында жеңіс голын соқты. Бұл сәтте шеберлігімен көзге түскен Евгений Постников командасын келесі кезеңге алып шықты.

«Астана» командасының келесі қарсыласы 7-ші тамызда белгілі болады. Бұл күні Швейцарияның Ньеон қаласында жеребе тастау рәсімі өтеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ