$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Таразда «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХІІІ республикалық пікірсайыс турнирі өтті

AstanaTV
09.11.2015ж. 20:00
1520
Таразда «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХІІІ республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Таразда «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. "Қазақ хандығының 550", "Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық" мерейтойына орайластырылған пікірсайыс 13-ші рет ұйымдастырлған. Мақсат  - жастардың жайын айту арқылы азаматтық белсенділікті арттыру. Ал турнирдің былтырғы жеңімпаздары жамбылдық жастар болғандықтан, биылғы ойын Тараз төрінде өтіп отыр.

Пікірсайыс биыл алғаш рет шағын концертпен ашылды. Бұл - сөзсайысқа түсетін жастарды музыкамен тынықтыру тәсілі болды, деді шараға мұрындық болған «Нұр Отан» партиясының өңірдегі өкілдері. 

Шәбден Тілеумұрат, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

«Ел ертеңі жастар» дегеннің артында сіздерге арналған үлкен саңылау жатқаны, үлкен жауапкеркілішік жатқанын, өздеріңізде сезініп отырған шығарсыздар? Мынау пікірсайыс клубының, үлкен турнирдің Жамбыл жерінде, Тараздың төрінде өтіп жатқаны үлкен мәні бар дүние.

Ал турнирге 12 облыс пен  Астана, Алматы қалаларынан іріктеу ойындарының жеңімпаздары қатысты. Қазақ лигасы бойынша 14 және орыс лигасынан 9 команда бақ сынады. Пікірсайыс американдық парламенттік формат бойынша, яғни үздік спикер Линкольн-Дуглас үлгісі бойынша анықталды.

Ғабиден Нұрпейісов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыру және аймақтармен жұмыс бөлімінің басшысы:

Дебат өз кезегінде жастар арасында өз пікірін еркін білдіруге, жаңа ойларын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ол ойлар ендігі кезекте жаңа саясаткерлердің, жаңа мемлекет басшыларының шығуына, ел алдында сөйлеуіне оң жағынан септігін тигізеді.

Қазақ лигасында «Үздік спикер» номинациясы бойынша алматылық Думан Қазыбек иеленді. «Үздік төреші» номинациясын тараздық Бақытжан Құтжан еншіледі. Орыс лигасында Алматы облысынан келген Айгерім Асанова «Үздік спикер»  атанды. «Үздік төреші» Сергей Припенин болды.  


Санат Совет, пікірсайысшы /Павлодар қаласы/:

Жалпы жарыс өз деңгейінде өтті. Бізге 11 тақырып берілген болатын. Тақырыптардың бәрі оңай емес. Біздің мемлекетіміздің болашағы қандай мүддеде екенін анықайтын тақырыптар. 

«Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогын Астанаға алып кетті. Партия тарапынан 1-ші орын алған командаға 70 мың теңге берілді. Екінші орын еншілегендерге 50 мың, үшінші үміткерге 30 мың теңге табысталды. Енді дәстүр бойынша келесі жылғы пікірсайыс турнирі жеңімпаз болған Астана қаласында өтпек.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ