$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қызылжардың ботаникалық бағында алғаш рет юкка өсімдігі гүлдеді

AstanaTV
10.08.2015ж. 20:00
3209
Қызылжардың ботаникалық бағында алғаш рет юкка өсімдігі гүлдеді

Қызылжардың ботаникалық бағында алғаш рет юкка өсімдігі гүлдеді. Юкканың жапырақтарының арасынан шырақ секілді гүлсабағы өсіп шыққан. Әдетте бұл өсімдік шөлейтті аймақтарда өседі.

Айта кетелік, әлемде ең алғашқы джинсы матасы осы өсімдіктен дайындалған. Кейін джинсыға сұраныс артқасын, адамдар юккадан бас тартып, кәдімгі мақтаны пайдалана бастады. Негізінде юккадан дайындалған джинсы киімдер өте берік, әрі ұзақ уақыт тозбайды. Әдемі жапырақты бұл өсімдіктің күтімі жеңіл, ыстық пен суыққа төзімді. Ботаникалық бақтың мамандары юкка гүлінің тарихын осылай тарқатты.

Елена Душенко, «Қызылжар оранжереясы» МКК қызметкері:

Юкканың гүлдеуі - өте сирек кездесетін жағдай. Өйткені бұл өсімдік он жылда бір рет бүр жарады. Алғаш рет гүл атқасын, жыл сайын гүлдейді, немесе бұл құбылыс бірнеше жылда бір рет қайталануы мүмкін. Юкка далада өсетін қоңыраугүлге ұқсайды. Тек бұл өсімдік одан үлкендеу. 

Еркін КАРИН