$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Алматыда химия-биология бағытында оқытатын тағы бір Назарбаев Зияткерлік мектебі бой көтерді

AstanaTV
11.08.2015ж. 20:00
1519
Алматыда химия-биология бағытында оқытатын тағы бір Назарбаев Зияткерлік мектебі бой көтерді

Алматыда химия-биология бағытында оқытатын тағы бір Назарбаев Зияткерлік мектебі бой көтерді. Су жаңа білім ордасының салтанатты ашылуына шаһар әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Республикамыздағы 19-шы зияткерлік мектеп 960 оқушыға арналған. 9 блоктан тұратын ғимарат соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. 70 оқу сыныбы мен 25 зертхана бар. Мұнда дәстүрлі оқу кабинеттерінен бөлек,  интеграция, техникалық үлгілеу, нано және биотехнологиялар, робототехника, жеке жұмыс жүргізу кабинеттері де бар. Сондай-ақ, мектеп іргесінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін жатақхана қарастырылған. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына байқаудан іріктеліп алынған республиканың 140 үздік мұғалімі сабақ беретін болады.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

Бір орынға 8 бала. Бір мұғалімнің орнына 8 адам үміткер болды. Жалақысы орташа жалақыны алған кезде қала бойынша ең кемінде 2 есе көп. Сондықтан талап та жоғары қойылатын болады. Сондықтан бірденнен бастап, Елбасы айтқандай, жақсы  үлгілі түрде жақсы білім беріледі.  

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ