Астанада
бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 250-ге жуық жағдайы төмен отбасы тіркеуде
тұр. Полицейлердің дерегінше, осындай отбасыларда 370 бала өсіп жатыр. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында қаладағы
саяжай аумақтарында тұрып жатқан отбасыларына рейдтік тексеру жүргізді.
Жасы
жетсе де, мектепке бармай жүрген балалардың тәртібі ерекше қадағалауда болмақ.
Ювеналды полиция мен көші-қон полициясынан бөлек, рейдтік тексеруге білім
саласының мамандары атсалысты. Жақын күндері қаладағы барлық саяжай аумақтары
тексеріледі. Шара «Мектепке жол» атты республикалық акция аясында
өтікізіліп отыр.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ