Қызылорда қаласы маңында заңсыз жұмыс істеп
тұрған бірнеше кірпіш зауыты анықталды.
Енді бұл нысандар жұмысын тоқтатады. Аймақ прокурорлары 10-нан астам фактіні
анықтады. Карьерлерден құмды рұқсатсыз қазып келген шағын зауыттардың қожайындары
жауапқа тартылмақ. Арнайы тексеру барысында жерді мақсатсыз пайдаланған
нысанның иесі де, жұмысшылары да табылмады.
Мәселен, Ақсуат ауылындағы жеке
кәсіпкер шаруа қожалығын ашу мақсатында
жер алып, ол аумақта кірпіш шығаратын кәсіпорын ашқан. Мұнымен қоса, құмды да
заңсыз қазған. Осыған ұқсас оқиға Талдыарал ауылында анықталды.
Ал
Қызылордадағы оңтүстік өнеркәсіп аймағында шаһар тұрғыны «коммерциялық
бағытқа пайдаланамын» деп рәсімдеген жерінен осындай
заңсыз цехты ашқан.
Қанатбек
Серікбаев,
Қызылорда облыстық жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының бөлім
басшысы:
Әкімшілік Құқық бузушылық
кодексінің 339-бабымен және жерге келтірілген залал соммасы есептелді. Бүгінгі күні
тоқтатты, үш айдан кейін, заңда үш ай деген, егер осы жер осы күйінде тұра
беретін болса, біз сол жерді алып қоюға сотқа талап арыз жібереміз. Жалпы
бірінші жартыжылдықты айтуға болады, биыл облыс көлемінде төрт жүз мыңдай залал
келтірілсе, бес жүз мыңға жуық айыппұл салынды.
Шарипа САҚТАПОВА