Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Полицейлер қызметтік көлікпен қаққан жаяу жүргінші қайтыс болды

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1790
Полицейлер қызметтік көлікпен қаққан жаяу жүргінші қайтыс болды

Шымкентте жол-патрульдік полициясының автокөлігі қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды. Наурыздың 16-сы күні түнгі мезгілде жол апатына түскен азамат бүгін ауруханада ес жимаған күйі көз жұмған.

Самат Оспанов, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейрохирург-дәрігері:

Дәрігерлер жағынан барлық көмек көрсетілді. Науқас 27 наурыз күні сағат 7.22-де қайтыс болды, көрсетілген көмекке қарамастан, қайтыс болды. Оның қайтыс болу себебі - бас миының өте ауыр жарақаты, таз сүйегінің сынуы, жүрек, өкпе жетімсіздігінен қайтыс болды.

Еске салайық, 35 жастағы азаматты патрульдік полиция көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен көлікті қуған кезде қағып кеткен болатын. «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі инспекторларға бағынбай, қашқан бойда тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанаға соғылған. Ал осы апаттан  қашқан жаяу жүргінші сақшылар мінген қызметтік көліктің астына түсіп қалған, деді ішкі Істер департаментінің өкілдері. Осы оқиғадан соң үш полицей қызметтерінен уақытша шеттетілген. Қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қызметттік көлікті басқарған полиция сержантының іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар-жоғы да тексерілуде.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ