$481.84 €531.33 ₽5.07
×

IIМ Қоғамдық кеңесi елiмiздегi тергеушiлердiң мәртебесін қайта қарастырады - М.Қоғамов

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1592
IIМ Қоғамдық кеңесi елiмiздегi тергеушiлердiң мәртебесін қайта қарастырады - М.Қоғамов

Елдегі тергеушiлер мәртебесі қайта қарастырылмақ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов мәлімдеді. Кеңес төрағасы тергеушiлердi «күлбикешке» теңеді. Өйткені олардың  үстінен қарайтын басшылары өте көп және өз бетiнше әрекет ету дербестiгi жоқ деді. Сондықтан Қоғамдық кеңес екінші жарты жылдықта «тергеушi» мәртебесiн қайта қарастыруды, бұл жұмысқа Мәжiлiстiң жаңа сайланған құрамын да тартуды жоспарлап отыр.

Еске салсам, Ішкі істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес құрылған болатын. Кеңестің мақсаты - полицияның ашықтығын қамтамасыз ету.

Марат Қоғамов, ҚР IIМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы:

Қоғамдық кеңестердiң жұмысын тек отырыстар өткiзумен шектесек, жылына екi отырыс жеткiлiктi болар едi. Ал бiз отырыс өткiзiп, оның қорытындысы бойынша шешiмдер қабылдаймыз. Жалпы, қоғамдық кеңестер шаралар ұйымдастыра отырып, нақты бiр құқық қорғау органы үшiн маңызды қоғамдық пiкiр есепке алына отырып әзiрленген ұсыныстар беруi тиiс. 

Берік ХАСЕНОВ