Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қытайдың Тяньцзин қаласында болған жарылыс аумағынан құтқарушылар тірі қалған бір адамды тапқан

AstanaTV
14.08.2015ж. 20:00
899
Қытайдың Тяньцзин қаласында болған жарылыс аумағынан құтқарушылар тірі қалған бір адамды тапқан

Қытайдың Тяньцзин қаласында болған жарылыс аумағынан құтқарушылар тірі қалған бір адамды тапқан. Қаза болғандар саны 55 адамға жетті,- деп жазады Рейтерс.

Оқиға орнында құтқару шаралары әлі де жалғасып жатыр. Қытай билігі қоймадағы жарылысқа қандай заттың себеп болғанын әлі күнге анықтай алмай отыр. Осы тұста жарылыс болған аумақтан қауіпті химикаттар табылғаны туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда, елдің солтүстігінде дренажды құбырлардың бірінде цианид мөлшерінің қалыптағыдан 8 еседей асып кеткені белгілі болған.

Еске салайық, жойқын жарылыс сәрсенбі күні кешкісін Қытайдың Тяньцзин қаласында орын алды. Жарылыстың күштілігі сонша, көптеген үйлердің шатыры зақымданып, әйнектері сынған. Ал қою қара түтін бірнеше ондаған шақырым аумақтан көрініп тұрды. Сарапшылар жарылыс қуаттылығы 20 тонна тротил эквивалентіне тең деген ақпар таратқан.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА