$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Боливия мен Перуда жаз айында қар түсті

AstanaTV
14.08.2015ж. 20:00
1070
Боливия мен Перуда жаз айында қар түсті

Табиғаттың тосын мінезі таңқалдыруын тоқтатар емес. Жаз айында Боливия мен Перу қалың қар астында қалды. Ауа температурасы 18 градустан нөлге дейін төмендеген. Аймақтың тұрғындарына бұл тосын жайт болды.

Күннің күрт суытып кетуінен, Боливияның кейбір бөліктерін қалың тұман басқан. Салдарынан әуе рейстері кейінге шегеріліп, көлік жолдарында бірнеше шақырымдық кептелістер пайда болды. Ал таулы аймақтарда қалыңдығы 15 сантиметрге жететін қар түсті.

Ал көршілес жатқан Солтүстік Америкада жағдай мүлде басқа. Онда аптап ыстықтан дала өрттері өршіп тұр. Соңғысы Лос-Анджелестің басты күре жолы маңында болған, өрт сөндірушілер қызыл жалынды бір сағаттан соң ауыздықтай алды. 

Берік ХАСЕНОВ

Алдыңғы жаңалық