Өскемендегі «Қайнар» базарының
ондаған сатушысы бүгін өз құқықтарын қорғау үшін жиналды. Айтуларынша, базар
әкімшілігі 10 күн ішінде сауда дүкендерін жинап, аумақты босатуларын талап
еткен. Мұның себебін «базардың келбетіне нұсқан келтіріп, тұрғындарға өрт
қаупін туғызады», деп түсіндірген сыңайлы.
Бір жыл бұрын базар әкімшілігінің
талап етуімен сатушылар қарапайым темір дүңгіршектердің орнына талапқа сай 15
біркелкі павильон орнатқан. Ол үшін саудагерлердің әрқайсысы 700 мың теңге
көлемінде несие алады. Ал енді келіп базар басшылығының, «дүңгіршектер талапқа
сай емес, базардың көркін бұзып тұр», деуі олардың шамына тиді. Саудагерлердің
қолында жыл аяғына дейін базар әкімшілігімен жасалған келісімшарт бар. Сондай-ақ төленген жалға алу және салық төлемдерін де ешкім есепке алар емес.
Анна Тарасова, «Қайнар» базарының
сатушысы:
Әкім келді де: «Алып тастаңдар»,-
деді. - Не үшін? Бізге ешқандай ұйғарым берген жоқ. Тіпті бізді ешкім тыңдағысы
да келмейді. Тек алып тастау керек, дей береді.
Арман Ысқақов, Өскемен қаласы әкімінің
орынбасары:
Дүңгіршектер бұл жерде тұрмауы
тиіс. Қазір біз өзге базарлармен сөйлесіп жатырмыз. Сондағы бос аумақтарға
орналаса аласыздар.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ