$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Алматыдағы отқа оранған «Адем» сауда орталығында бизнесін дөңгелеткен кәсіпкерлер әкімге үндеу жолдады

AstanaTV
18.08.2015ж. 20:00
1226
Алматыдағы отқа оранған «Адем» сауда орталығында бизнесін дөңгелеткен кәсіпкерлер әкімге үндеу жолдады

Алматыдағы отқа оранған «Адем» сауда орталығында бизнесін дөңгелеткен кәсіпкерлер әкімге үндеу жолдады. Құжатта олар бүкіл сауда орындарында өртке қарсы техникалық тексеру жүргізілуін өтінген. Себебі көптеген ғимараттар тез жанатын алюкобонд материалымен қапталған. Бұдан өртенген сауда орталықтарының қатары артпаса кемімейді. Сондықтан қаламыздың өрттен аман болуына жағдай жасаңыз, делінген Үндеуде.

Көктемде болған алапат өрттен соң «Адемнің» 2 мыңға жуық кәсіпкері үш топқа бөлініп кетті. Олардың бірі құқық қорғаушы Михаил Уткиннің соңынан ерсе, екіншісі меншік иесі «Алматы 21 век» ЖШС-нің иесі Ербол Тымбаевтың сойылын соғып жүр. Үшінші топ нағыз айыптыны тауып, заң жүзінде өтемақы талап етуде.

Раушан Байжанова, кәсіпкер:

Қала әкімінің өрттен жапа шеккен кәсіпкерлердің мәселесіне баса назар аударуын сұраймыз. Тауар жеткізушілеріміз де сауда орындарының жиі өртенуіне алаңдаулы. Сондықтан тілсіз жаудың алдын-алу жолдары қарастырылса дейміз. Өйткені сауда - біздің тіршілігіміз, содан напақа тауып келеміз.

Еске салайық, Алматыдағы ірі сауда орнында 26 сәуірде өрт шыққан болатын. Қызыл жалын 25 мың шаршы метрді шарпыды. Төтенше жағдай салдарынан 2 мың кәсіпкердің 3 мыңға жуық дүңгіршегі өртеніп кетті. Бұған дейін БАҚ-да өрттен келген шығын 240 млн теңге делінген. Алайда кәсіпкерлердің құқығын қорғаушы Василий Резванның айтуынша, бұл сома 800 млн теңгені құрап отыр.

Айгүл ЕРМАХАН



}



 

Алдыңғы жаңалық