$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Бангкок қаласында болған жарылыста қаза тапқандар мен жарақат алғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

AstanaTV
18.08.2015ж. 20:00
1171
Бангкок қаласында болған жарылыста қаза тапқандар мен жарақат алғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

Бангкок қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар арасында Қазақстандықтар жоқ. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігі ресми түрде ақпар таратты. Сондай-ақ ведомство өкілдері жарылыстың қайталану қаупі туралы Тайланд билігінің ескертуін назарға ала отырып, Бангкоктағы Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес береді. Жарылыс кеше кешкісін Таиланд астанасында халық көп шоғырланған Ратчапрасонг торабында болды.

Құқық қорғау органдарының ақпарынша, 21 адам көз жұмып, 120-дан астам адам жарақат алған. Қаза тапқандар негізінен Қытай мен Филиппиннен келген туристер екені анықталды. Лаңкестік оқиғадан кейін әуежайлар мен көліктерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Оқиға орны қоршауға алынды. Бангкоктағы мектептер уақытша жабылды.

Ал «ТАСС» агенттігі таратқан мәліметке сай, жарылысты ұйымдастырған адамның суреті Таиланд билігінің қолына түскен. Бейнебақылау камерасына ұлты арабқа ұқсайтын ер адам іліккен көрінеді. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА 

Алдыңғы жаңалық