Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда салафизм ағымына тиым салынуы мүмкін

AstanaTV
10.06.2016ж. 20:00
1556
Қазақстанда салафизм ағымына тиым салынуы мүмкін

Қазақстанда салафизм ағымына тиым салынуы мүмкін. Еліміздегі дін істері комитеті осы мәселемен айналысып жатыр. Бұл туралы комитет төрағасы Ғалым Шойкин мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда салафизм ағымында екенін жасырмай ашық ұстанатындар - 15 мыңдай адам. Ал көпшілік азаматтар дін жолындағы ұстанған бағытын жасырады. Сондықтан олардың санын дөп басып айту мүмкін емес, дейді. Ал елімізде мешіттерге тұрақты түрде баратындар саны халықтың 15 пайыздайын құрайды. Бұл шамамен 2 миллионнан астам адам. Оның қаншасы теріс діни ағымды ұстанатыны белгісіз. Ал қазір 500-дей салафит түрмеде отыр. 2014 жылы бейімдеу орталықтары 300-ге тарта адамды дұрыс жолға қайтарған, - дейді төраға.

Ғалым Шойкин, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті төрағасы:

Дәстүрлі емес діни ағымдарға, оның ішінде салафизмге ілескендер саны шамамен 15 мыңдай адам. Соңғы екі жылда олардың саны айтарлықтай қысқарды. Бірақ бұл «айсбергтің» басы ғана. Олар айтарлықтай көп, идеяларын жасырады.

Ақтөбеде болған терактілер, оған байланысты сарапшылардың пікірлері, оның ішінде салафизм идеологиясына тиым салу туралы ұсыныс ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасында кеңінен баяндалады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ