Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері онлайн-сатылымға шықты

AstanaTV
10.06.2016ж. 20:00
1205
ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері онлайн-сатылымға шықты

ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері онлайн-сатылымға шықты. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ресми мәліметке сай, ең арзан билет 6 мың теңге. Онлайн-билеттің алғашқы сатып алушысына сыйлық табысталады. 2017-нші, жүз мыңыншы, миллионыншы және  5 миллионыншы сатып алушы да тартудан құр қалмайды.

Онлайн-билеттерді зейнеткерлер, көп балалы аналар мен студенттер, мектеп оқушылары жеңілдікпен сатып ала алады. Ал ардагерлер мен мүгедектер, жетім және 6 жасқа толмаған балалар көрмеге тегін кіре алады. Билеттер бүгіннен бастап келесі жылдың 9 маусымына дейін сатылады. Ал көрме қарсаңында олар кассада сатыла бастайды. ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтпек. «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы халықаралық шараға 5 миллиондай қонақ келеді деп жоспарланған.

Айжан ҚУАШ