$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Конституция күнінде қазақстандықтар үш күн демалады

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
1448
Конституция күнінде қазақстандықтар үш күн демалады

Конституция күнінде қазақстандықтар үш күн демалатын болады. Бұл жолы Ата заңның 20 жылдығын мерекелеу жексенбі күнге дөп келді. Ал заңнамаға сай мереке демалыс күндеріне түссе, одан кейінгі жұмыс күні де демалыс болып жарияланатыны белгілі. Демек, ел тұрғындары 29, 30 және 31 тамыз күндері демалады.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдум кезінде қабылданған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА