Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ШҚО жойқын дауыл болып, мыңдаған тұрғын үй жарықтан ажырады

AstanaTV
27.08.2015ж. 20:00
1272
ШҚО жойқын дауыл болып, мыңдаған тұрғын үй жарықтан ажырады

Семейде жойқын дауыл болып, мыңдаған тұрғын үй жарықтан ажырады. Қазір шаһардағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметінің өкілдері мен энергетиктер алапат желдің зардабын қалпына келтіруге кіріскен. Табиғаттың тосын апаты бас аяғы 15 минутқа созылды. Сол аралықта қатты жел электр қабылдағыштарды істен шығарған. Салдарынан 9 мыңға жуық тұтынушы қараңғыда қалуға мәжбүр болды. Сондай-ақ  жойқын дауыл бірнеше мекеменің шатырын жұлып, ұялы телефондардың антеннасын зақымдады. Бірнеше автокөлік құлаған ағаштардың астында қалған.

Ақпарға сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгін түске дейін жарықсыз қалған аумақтарға электржелісі қосылған. Ал, Өскемен тұрғындары бір күнде бірнеше табиғи құбылысқа куә болды. Шаһардың бір бөлігінде аспаннан қос бірдей кемпірқосақ көрінді. Ал екінші бөлігіндегі халық жойқын дауылдан бас сауғалап әбігерге түскен. Куәгерлер табиғаттың тосын құбылысын ұялы телефондарына түсіріп алған. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ