Ұлттық
банк халықтың теңгемен ашқан депозиттерiнiң айырма шығынын өтеу бағдарламасын
бекітпек. Бұл іс 5 қыркүйекке белгіленіп отыр. Бас қаржы институтының
өкілі Бақытжан Саркеев арнайы брифинг барысында осыны мәлімдеді.
Теңгенiң еркiн
айналымға түсуiне байланысты, президент депозиттi теңгемен жинақтаған халыққа
шығындарын өтеп беру туралы тапсырма бергені белгілі. Осыған қатысты мәселелермен арнайы құрылған
комиссия айналысуда. Шығындарды өтеу бағдарламасы 1 қыркүйекке дейiн бекітуге
ұсынылуы тиіс. 5 қыркүйек күні Ұлттық банк басқармасы осы бағдарламаны
бекітеді, - деді Бақытжан Саркеев.
Бақытжан
Саркеев, ҚР Ұлттық банкінің үкіметпен және мемлекеттік
органдармен жұмыс департаменті директоры:
Бір
миллион теңгеге дейін теңгелік депозиттерін кепілдендіру механизмдері
қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда Ұлттық банк арнайы комиссия құрып, сол
комиссия келесі айдың басында өзінің тиісті шешімін қабылдайды
теңгелік депозиттерді кепілдендіру бойынша.
Сондай-ақ,
Ұлттық банк өкілі ипотекалық несие рәсімдеген азаматтардың төлейтін
берешегін қайта есептеу бағдарламасының
да іске асып жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, биыл аталған бағдарлама аясында 25
мыңға жуық азаматтың несиесі қайта қаржыландырылады. Қазіргі таңда осы мәселе
бойынша 5 мыңнан астам арыз келіп түскен.
Бақытжан
Саркеев, ҚР Ұлттық банкінің үкіметпен және мемлекеттік
органдармен жұмыс департаменті директоры:
Қазіргі
жағдайда сол қиыншылыққа тап болған азаматтар сол бағдарламаға толық қатысуға
мүмкіндіктері бар. Олар сол үшін тиісті өздерінің несие алған банктеріне барып,
өз өтініштерін өткізу керек. Одан бөлек, мысалы, егер сол банктің шешімімен
келіспейтін болса, сол жергілікті жерде комиссия құрылған. Олар сол комиссияға
барып, өз арыздарын өткізуге болады.
Банк
өкілдері жұрт арасындағы доллар бағамының әлі де шарықтап кетуі ықтимал екендігі туралы
қауесетті жоққа шығарды. Айтуларынша,
теңге еркін айырбас бағамына көшкенімен, долларға шаққандағы құны максималды
деп белгіленген 255 теңгелік межеге жетпеген. Банк өкілдері валюталық бағамға
қатысты алып қашты ақпараттарға сене бермеуге шақырды.
Жұрағат БАМАН