Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бетінде әлдебір майлы дақтар кілкіген су қойма Өскемен маңынан табылған

AstanaTV
27.08.2015ж. 20:00
1485
Бетінде әлдебір майлы дақтар кілкіген су қойма Өскемен маңынан табылған

Бетінде әлдебір майлы дақтар кілкіген су қойма Өскемен маңынан табылған. Қауіпті көл суының құрамын тексеруге кіріскен экологтар судан алынған сынамаларды арнайы зертханаларға жіберді. Тексере келгенде, бұл дақтардың өсімдік пен мотор майы екендігі анықталдыБұған қоса, көлде сабын көбігінің де тым көп екендігі белгілі болған. Зиянды заттың үлесі - шамамен 42%.

Мамандар мұндай сұйықтықтар көлемі аса үлкен металл ыдыстарды жуып-шайған кезде немесе металл өңдейтін станоктарда қолданылады деген пікірдеОлар күн ысыған жағдайда бұл майдың өртену қаупі де бар екенін айтады. Бұған қоса, зиянды заттар топыраққа сіңіп, жерасты суларын да бүлдіруі мүмкін. Сондықтан Экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкерлері көлден табылған зиянды майды зарарсыздандыру технологиясын іздестіруге кіріскен.

Анатолий Филиппов, ШҚО экологиялық қауіпсіздік орталығының экологы:

Бұл майды фракцияға бөлу арқылы олифа немесе сабын өндірісінде қайтадан пайдалануға болады. Бірақ бұл туралы нақты шешімге келген жоқпыз.

Виктор Костин, зертхана жетекшісі:

Қалдық майларды осында төккен әлдекімдер сабынды судан да осылай құтылғысы келген сияқты. Мұндай ұйғарымды инженер-химиктермен бірге жасадық. 

Еркін КАРИН