Керекулік
алпауыт кәсіпорындар теңгенің еркін айналымға түсуін «дер кезінде жасалған
қадам» деп санайды. «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ әлемдегі
экономикалық дағдарыстың салдарынан туындаған өзгерісті қалыпты жағдай ретінде қарсы алды.
Жұмысшылардың
айтуынша, ұжым өндіріс ошағындағы
тұрақты ахуалдың сақталарына сенімді. Әсіресе, әлеуметтік саясаттағы ахуал
оңтайлы шешілуде. Мәселен, валюта курсындағы ауытқулар кәсіпорындағы еңбекақы
мен жұмыс кестесіне айтарлықтай өзгеріс әкелмеген. Өндіріс ошағы қалыпты
кестеде жұмыс істеп тұр. Бұл жерде, нарықтағы металл бағасының мейлінше
арзандауы да жағдайға кері әсерін тигізбеді, - дейді еңбеккерлер. Өндіріс қуаты да қысқарған жоқ, отандық тауар
алыс-жақын шетелдерге сатылуда.
Суат Солтаниманов, «Қазақстандық
электролиз зауыты» АҚ жұмысшысы:
Теңгенің еркін реттелу тәртібіне
көшуі қажеттілік, дұрыс жасалған шешім деп санаймыз. Қазір металл
бағасы екі есеге қысқарса да, бірақ өнім көлемі азайған жоқ. Бұл біз үшін өте маңызды.
Біздің жұмыс уақытымыз, жұмыс орнымыз сақталуда.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ