$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Петропавлда «Бабадан мирас» атты көрме ашылды

AstanaTV
27.08.2015ж. 20:00
1684
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Петропавлда «Бабадан мирас» атты көрме ашылды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Солтүстік Қазақстанның тарихи-өлкетану мұражайында «Бабадан мирас» атты көрме ашылды. Онда мұражайдың жеке қорында сақталған ұлттық жәдігерлер халық назарына ұсынылды. Көрме Қазақ хандары мен батырлары, дала жыршылары сынды бірнеше экспозициялық бөлімнен тұрады.

Жалпы бұл шарада бас-аяғы 152 жәдігер қолданылған. Олар он жетінші және жиырмасыншы ғасырлардың аралығын қамтиды. Ең айшықтысы - Ыдырыс қажының орындығы болып саналады. Өгіз мүйіздерінен тұратын тақ шегесіз құрастырылған. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, бұл құнды зат ХIХ ғасырда жасалған көрінеді.

Сәуле Бәйтенова, этнография бөлімінің меңгерушісі:

Бұл кісі - Айдарбеков Ыдырыс деген қажы - осы төңіректің атақты, белгілі байы болған. Ол кісі репрессияға ұшыраған. Сосын ол тақ ұрым-бұтақтарынан мұра болып қалған. Ал 1967 жылы біздің қорға бұл кісінің шөбересі алып келген.

Абзал ҚҰРМАНКИН