Таразда
жасотандықтар пандустардың біркелкі болуын тексерді. Оларға ерікті топ мүшелері
де қосылды. «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен болған шара «25 мейрімді
іс» акциясы аясында өтті. Пандустар мекемелерге мүмкіндігі шектеулі жандардың
кедергісіз кіріп-шығуына ыңғайлы болуы шарт. Әуелі қалалық әкімдіктің пандусын
тексеруден бастаған белсенді топ мүшелері тағы бірнеше мекеменің баспалдақ
жүйесін шолып шықты. Көбісі талапқа сай. Тек орталық алаңдағы бір ғана
ғимараттың алдында пандус мүлдем жоқ.
Белсенділер барлық нысан алдындағы
пандустарды суретке түсіріп, қаншалықты қолжетімді екенін ғаламторға жариялап
отырды. Яғни пандустар жайлы ақпаратты кез-келген адам «Кедергісіз келешек»
мобильдік қосымшасы арқылы көре алады. Бұдан бөлек, бұл қосымшаны «Әлеуметтік
нысандардың қолжетімділік картасы» деп те табуға болады.
Сайын
Құрбан, «Жас Отан» ЖҚ кеңес беру консалтинг орталығының жетекшісі:
Кейбір
мекемелерде, біз байқадық, пандустары дұрыс емес орналасқан. Сондықтан біз соны
осы мобильдік қосымшада көрсетіп, салынған болатын. Ол ескертпелер қарастылып
жатқан жайы бар. «Кедергісіз келешек» қосымшасын «Ап сторри» және «Плей маркет»
арқылы жазып алуға болады. Ол мобильдік қосымшаның айналымға енгізгелі жарты
жылдан астам уақыт болды.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ