Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Зарина Дияс «US Open» турнирінің алғашқы ойынын жеңіліспен бастады

AstanaTV
01.09.2015ж. 20:00
1083
Зарина Дияс «US Open» турнирінің алғашқы ойынын жеңіліспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин теннистен «Үлкен дулыға» бәсекесі саналатын «US Open» турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды. Әлемдік рейтингте 56-шы орында тұрған отандасымыз бірінші раундта тайвандық Лю Йен-Сунмен бәсекеге түсіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті.  Ойсырай ұтылып жатқанын түсінген тайвандық теннисші ойынды жалғастырудан бас тартты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:3, 3:0. Екінші кезеңде Кукушкин Болгария теннисшісі Григор Димитровпен кортқа шықпақ.

Ал тағы бір жерлесіміз Зарина Дияс алғашқы бәсекесінде Словения теннисшісі Полона Херцогқа жол берді. Әлемдік рейтингте 35-ші орында тұрған спортшы бір жарым сағатқа созылған кездесуде 2:6, 5:7 есебімен жеңіліс тапты. Енді әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Юлия Путинцева қорғайтын болады. Ол өз кездесуін бүгін өткізеді.



Ал шағын футболдан Қайрат клубы Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алматылық команда бірінші кездесуінде алаң қожайындары «Атлантико» командасынан 4:0 есебімен басым түсті. Қайрат сапынан Лукоян, Диваней, Лео және Алешандре мергендігімен танылды. Әр құрлықтың үздік командалары бақ сынайтын жарысқа отандастарымыз УЕФА кубогінің жеңімпаздары ретінде қатысып отыр. Келесі кездесуін Какау шәкірттері 3 қыркүйек күні Мысырдың «Лел Макаса» ұжымына қарсы өткізеді.