$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Оралда электр қуаты қымбаттады

AstanaTV
02.09.2015ж. 20:00
1606
Оралда электр қуаты қымбаттады

Оралда электр қуаты қымбаттады. Тұрғындар 1 қыркүйектен бастап жарықтың ақысын 20 пайызға артық төлейтін болды. Ал бюджеттік мекемелер үшін электр қуаты 87,1 пайызға бір-ақ секірген. Облыстық монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің өкілдері мұны аймақты электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған стансада ақау туындағанымен байланыстырады.

Оның үстіне Батыс Қазақстан облысы елдің біртұтас электр жүйесіне енгізілмеген. Сондықтан өңірдегі оңтүстік аудандар жетіспейтін қуат көзін Ресейден алады. Сондықтан істен шыққан стансаның жұмысы қалпына келтірілген соң, алдағы жылдың ақпан-наурыз айларында жағдай қайта дұрысталады, - дейді  департамент мамандары. 

Сержан Жаманқұлов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті БҚОД бөлім басшысы:

ҚПО б.в.-дан алынатын электр энергиясының көлемі 261 млн. квт/сағат болатын болса, бүгінгі таңда ол 178 млн квт/сағатқа дейін төмендеп отыр. Ал облыс тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында басқа электр энергиясының қымбат көздерінен электр энергиясын сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Жетпей қалған электр қуаты «Интер РАО ЕЭС» ЖАҚ пен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-тен алынып отыр.

Еркін КАРИН