Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Отандық заңгер Жанкелді Сүлейменов банктер үшін несиелер мөлшерлемесін шектеуді ұсынады

AstanaTV
03.09.2015ж. 20:00
1386
Отандық заңгер Жанкелді Сүлейменов банктер үшін несиелер мөлшерлемесін шектеуді ұсынады

Отандық заңгер банктер үшін несие мөлшерлемесін шектеуді ұсынады. Жанкелді Сүлейменовтің айтуынша, қаржы институттары бұдан кедейленіп қалмайды. Есесіне  азаматтарға несиесін төлеу оңайырақ болмақ.

Заңгердің айтуынша, Ұлттық банк ақша айырбастау пункттеріне долларды сату мен сатып алу бағамы арасындағы айырмаға шектеу қойды. Ал банктердің несиені 20% үстемақымен беріп, жылдығы 5% сыйақымен депозит тартып отырғанын неге байқамайды, деген сауал тастады.

Жанкелді Сүлейменов, заңгер:

Менің ұсынысым бойынша, несие мөлшерлемесі депозиттен 3 пайыз ғана артық болуы тиіс. Мысалы, депозит 10 пайыз болса, несие мөлшерлемесі 13%. Естуімше, біздегі мөлшерлеме - 20-25 пайыз. Егер менің ойымды депутаттар қолдаса, бұл халық үшін пайдалы болар еді. 

Ал, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның  басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың пайымынша, Ұлттық банк бекіткен базалық мөлшерлеме несиелеудің азаюына әкелуі мүмкін. Банктер несиені көптеп беру үшін, мөлшерлеме аз болуы тиіс, - деді ол.

Үміт Шаяхметова, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы: 

Экономиканы несиелендіру тұрғысында бізге мөлшерлеменің аз болғаны маңызды. Нақтырақ айтқанда, егер, мөлшерлеме 17 пайыз болса, ол қолайсыз. Жұмысымыз жүрмей, несие беру процесі баяулап қалады.

Айгүл ЕРМАХАН