Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сарапшылар кезекті рет «тұрғын үй бағасы төмендейді» деген болжам жасады

AstanaTV
03.09.2015ж. 20:00
1339
Сарапшылар кезекті рет «тұрғын үй бағасы төмендейді» деген болжам жасады

«Теңгенің еркін айналымға түсуі тұрғын үй нарығына әсер етпей қоймайды. Баспана бағасы 2016 жылдың соңына қарай 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін». Отандық сарапшылар осындай пікірде. «Қазақстан 2050» қозғалысының сарапшылық клубы өткізген отырыста тұрғын үй нарығындағы жағдай жан-жақты талқыланды. «Қазір сатушылар да сатып алушылар да әліптің артын бағып отыр», - дейді жылжымайтын мүлік нарығын зерттеп жүрген сарапшы Анна Шацкая. Сонымен қатар маман ипотекалық несиелер барған сайын қолжетімсіз бола түседі деген пікірде. Өйткені банктер талаптарын одан әрі қатаңдатуы мүмкін.

Анна Шацкая, жылжымайтын мүлік порталы сараптама бөлімінің жетекшісі:

Нарықта қазір шок жағдай қалыптасты. Сатушылар да, сатып алушылар да әліптің артын бағып отыр. Валютаның жаңа бағамын түсініп, үйренгенше, уақыт кетеді. Келісімшарттар айтарлықтай азайды. Кейбірі орта жолда үзіліп жатыр. Доллармен қойылатын бағалар  төмендейді. 2016 жылдың соңына қарай 20 пайызға құлдырайды. Біздің ортақ болжамымыз осы.

Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» доллар бағамының ауытқуына байланысты ұтылған салымшыларына өтемақы береміз деп отыр. Елбасы тапсырмасы бойынша қазір бұл істің арнайы механизмдері пысықталып жатқан көрінеді.

Ербол Қарашүкеев, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: 

1 млнға жетпейтін салымшылар саны салымдары  415-416 мыңдай болады. Елбасы тапсырма берді, 1 миллионнан асқан салымдар болса, біздің банкте ол механизм дайындалып жатыр. Ол механизм жақын арада дайын болады, деп ойлаймыз. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерде жатқан салымдарын 1 млн теңгеге дейінгі депозиттерді өтемақы жасайтын механизмді әзірлеп енгізу керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ