$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Саакашвили Украина үкіметін басқарудан бас тартып отыр

AstanaTV
04.09.2015ж. 10:00
1041
Саакашвили Украина үкіметін басқарудан бас тартып отыр

Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили Украина премьер-министрі лауазымынан бас тартты, деп жазады Vesti.ru. Саакашвили, бұл орынға ел экономикасынан хабары бар, қаржы жүйесін жіті меңгерген, бастысы жауапкершілігі мол әрі қитұрқылықтарға бармайтын адам отыруы керек, деген ойда. Өзін де осы санатқа жатқызады. Алайда үкіметті басқарғысы жоқ.

Айта өтейік, таяуда Украина президентінің әкімшілігі халықтың кез-келген өтінішін, петиция 25 мыңнан астам интернет қолданушылардың дауысын жинаса ғана, мақұлдайтынын жариялаған. Әзірге Саакашвилиді премьер- министр лауазымында көргісі келетін адамдар саны 4 383 адам.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА