Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Батыс Ресейге жаңа санкциялар салмақ

AstanaTV
04.09.2015ж. 10:00
1082
Батыс Ресейге жаңа санкциялар салмақ

АҚШ пен Еуроодақ Ресейге қатысты жаңа санкциялар енгізуі мүмкін. Батыстағы дипломатиялық ортадағы ақпаратқа сәйкес, бұл Украинада жиырма бесінші қазанда өтетін жергілікті сайлауға байланысты болуы ықтимал.

Киев билігін мойындамайтын Луганск және Донецк халықтық республикалары жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өз алдына сайлау өткізбекші. Ал Батыс болса, осы арқылы екі республика Минск келісімін бұзып отыр, деп санайды. Бұл туралы «Коммерсантъ» газеті батыстық дипломатиялық ортадағы дереккөздеріне сүйене жазуда. Олардың ойынша, Мәскеу донбастық республика басшылығына шексіз билік жүргізеді, сондықтан АҚШ пен Еуроодақ Минск келісімін бұзғаны үшін бар жауапкершілікті Ресейге артып отыр. Осыған орай америкалық және европалық билік Ресей Федерациясына жаңа санкциялар енгізуі мүмкін.

Берік ХАСЕНОВ