Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ресей президенті Владимир Путин біржылдық бюджет жоспарына өтуді құптады

AstanaTV
04.09.2015ж. 13:00
1024
Ресей президенті Владимир Путин біржылдық бюджет жоспарына өтуді құптады

Ресей президенті Владимир Путин біржылдық бюджет жоспарына өтуді құптады. Таяуда ол үкімет көтерген аталмыш бастаманы парламенттің қолдауына жібереді деп күтілуде. Бұл жайында «Коммерсант» басылымы жазады. «Біз алдағы жаһандық экономикалық өзгерістерді болжай алмаймыз. Сондықтан бюджетті біржылдық жоспарлауды толықтай қолдаймын», - деді Ресей лидері.

Еске салсақ, жақында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсов спекуляцияға жиі ұшырайтын бүгінгі экономиканы болжау қиын екенін айта келе, ерте ме, кеш пе, «біз де бюджетті бір жылға жобалауымыз мүмкін» дегенді жоққа шығармады.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Это дает возможность Правительству более глубоко работать и нам не столько корректировок смотреть. Они будут сконцентрированы и глубже будут изучать тенденции текущего года.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА