$453.71 €505.8 ₽5.63

Жаңаөзенде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды

Жаңаөзенде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегін анықтады, – деп хабарлайды Astana TV.

Операция ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы бөлімшесі жауынгерлерінің бірлесуімен жүргізілді.

Жаңаөзен қаласының Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан жеке база аумағында полицейлер ер адамды ұстады.

Нысан аумағында жүргізілген тінту барысында мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің шығу тегі және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.