Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Бодрум жағажайында табылған үш жасар сириялық баланың мәйіті бейнеленген сурет әлемді дүр сілкіндірді

AstanaTV
04.09.2015ж. 13:00
1529
Бодрум жағажайында табылған үш жасар сириялық баланың мәйіті бейнеленген сурет әлемді дүр сілкіндірді

Әлемді дүр сілкіндірген сурет. Онда Түркияның Бодрум жағажайынан табылған үш жасар сириялық баланың мәйіті бейнеленген. Айлан Курдидің фотосын шетелдік ақпарат құралдары бірінен соң бірі жариялап жатыр. Мәселен, «The Huffington Post» басылымы «бұл суреттен Еуропадағы көші-қон дағдарысы мен босқындардың шынайы өмірін көруге болады» деп жазған. 

«Рейтерс» агенттігінің дерегінше, сириялық баланың отбасы Бодрумнан Грекияның Кос аралына теңіз арқылы жетпек болған. Нәтижесінде 12 ересек адам мен төрт бала көздеген жерге жетпей, суға батып кетеді. Тек сәбидің әкесі ғана тірі қалған. Енді ол отанына оралып, сол жақта жерлеу рәсімін өткізбек.

Бүгінде Еуроодақ босқындарды аймақтарға үлестіру ісімен айналысып жатыр. Ал Мажарстан билігі өз аумақтары арқылы Германия мен Австрияға бет алған мигранттармен күресуде. Елде теміржол қозғалысы тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары қолға алынған.

Алев Корун, Австриялық жасылдар партиясының өкілі:

Сирия, Ауғанстан мен Ирак елдері азаматтарының осындай жағдайға тап болуы - жалпы адамзатқа ұят нәрсе. Еуроодақ пен бүкіл әлемді ойлантарлық жайт бұл. Ел үкіметі мигранттарға қатысты дұрыс шешім қабылдайды деген үміттемін.

Жұрағат БАМАН