Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақ хандығының 550 жылдығына әзірлік пысықталды

AstanaTV
07.09.2015ж. 20:00
972
Қазақ хандығының 550 жылдығына әзірлік пысықталды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай елордада өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 20 елдің өкілдері қатысады. Бұл жөнінде Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешев мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Өзбекстан сынды елдерден 50-ге тарта ғалым келетінін растап отырған көрінеді.

Айта өтейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар Астанада 11 қыркүйекте басталмақ. Салтанатты шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен өзге ді бірқатар елдердің лидерлері, халықаралық қауымдастық өкілдері қатысады деп жоспарланған. 

Амандық Төлешев, ҚР БҒМ, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары:

Тәуелсіздік сарайында үлкен шара өтеді Елбасының қатысуымен. Одан кейін біз шетелджік қонақтарымызды алып, ұлттық мұражайды көрсетеміз. Одан кейін конференцияға қатысады ғалымдар. Сосын кешке жаңа ашылып жатқан Барыс мұз айдынында үлкен театрландырылған қойылым болады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА