$446.65 €477.65 ₽5.49
×

Қыркүйек айы жылы болады

AstanaTV
07.09.2015ж. 20:00
2403
Қыркүйек айы жылы болады

Қыркүйек айы жылы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасы орташа нормаға сай болады. Өзге өңірлерде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам бар. Сонымен қатар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашынның түсу мөлшері нормаға сәйкес болады деп күтілуде. Өзге аймақтарда нормадан төмен болады деген болжам жасалып отыр. 


Еске салайық, қыркүйектің басында жаздың жылы күндері қайта оралған болатын. Ауа температурасының айтарлықтай көтерілуі еліміздің оңтүстігі мен батысында сезілді.