$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Футболдан Евро-2016 чемпионаты жанкүйерлердің жанжалымен есте қалатын сыңайлы

AstanaTV
13.06.2016ж. 20:00
1507
Футболдан Евро-2016 чемпионаты жанкүйерлердің жанжалымен есте қалатын сыңайлы

Футболдан өтіп жатқан Евро-2016 чемпионаты жанкүйерлердің жанжалымен есте қалатын сыңайлы. 4 күнде 35 адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарға француз полициясы көзден жас ағызатын газ қолданды. Ішімдік сатуға тыйым салынған, алайда Марсельдегі жанкүйерлер қақтығысы тоқтайтын емес. 

Сарапшылардың айтқаны айдай келді. Евро-2016 чемпионаты - футбол тарихындағы ең тынышсыз турнир болды. Сайыс басталғалы бері жанкүйерлердің жартысы ауруханаға түссе, енді біразы Франция түрмелеріне тоғытылған. Қара тізімнің басында Ресей мен Ұлыбритания жанкүйерлері тұр. Стадионда басталып, ары қарай жалғасқан төбелестерге қарағанда, көрермендер алаңдағы ойын үшін келмеген тәрізді. Екі елдің құрамасы 1:1 есебімен тең түскені белгілі. Бірақ жаппай тәртіпсіздік салдарынан жазалау тек айыппұлмен шектелмеуі мүмкін. Командалардан ұпайлар шегерілуі ықтимал. УЕФА шешімді ертең шығарады.

Европаның футбол қауымдастығы чемпионаттағы қауіпсіздік шараларына әлсіз, тіпті жиіркенішті деген баға берді. Десек те, Ресей мен ағылшын жанкүйерлері ғана француз полициясының бас ауруына айналмады. Неміс, украин, поляк, француз жанкүйерлері де жанжал шығаруда. Францияның ішкі істер департаменті ішімдік болмаса, тәртіпсіздік азаяды деген шешім шығарып, алкогольді өнімдер сатуға тыйым салды. Бірақ, одан көмек жоқ.

Енді Евро-2016 чемпионатының басты себебі футболға оралсақ. Соңғы ойындардың барлығы бір қақпа түрінде өтті. 1:0 есебімен Хорватия Түркияны, Польша Солтүстік Ирландияны тізе бүктірсе, Германия 2:0 есебімен Украинаны жеңді. Ал, Украинаның да әлем чемпиондарына оңай қарсылас болмағанын айта кету керек.

Берік ХАСЕНОВ