«Ғасыр
үні». Бүгін осындай атаумен Астанадағы Ұлттық мұражайда заманауи суретші
Құттыбек Жақыповтың ретроспективті көрмесі ашылды. Оған гобелен мен текеметтен
жасалған 70-ке жуық туынды қойылған.
Көрме «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы
құрметіне арнайы ұйымдастырылған.
Құттыбек Жақыпов еңбектерінің негізгі
тақырыбы - қазақ даласы. Соның ішінде сақ, ғұн, үйсін дәуірлеріндегі
фольклорлық-мифологиялық сарын басым. Композициясы жағынан ою-өрнек көп
қолданылған. Мұнда автордың соңғы 30 жылдағы туындысы шығарылған. Суретшінің
гобелендері Мәскеу мен Ашхабад мұражайында да тұр. Астанадан кейін көрме Алматы
мен Шымкентте де өтеді. Сондай-ақ, көрменің кітап-альбомы да шығып отыр.
Құттыбек
Жақыпов, суретші:
Осы
көрмені ұйымдастырған, кітап-альбомымды шығаруға ат салысып, көрмені Астанаға
әкеп, ілуге көмек берген біздің «Нұр Отан» партиясы. Қазақстан Республикасының
Ұлттық мұражайы ұжымы көп көмек берді.
Құралай ПИОНЕР