Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Иран келесі онжылдықта Еуроодақ үшін табиғи газдың ірі тасымалдаушысы болуы мүмкін

AstanaTV
15.09.2015ж. 10:00
1049
Иран келесі онжылдықта Еуроодақ үшін табиғи газдың ірі тасымалдаушысы болуы мүмкін

Иран келесі онжылдықта Еуроодақ үшін табиғи газдың ірі тасымалдаушысы болуы мүмкін. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, «The Wall Street Journal» газеті жария етті.

Еуроодақ бағалауына сәйкес, Ираннан  тасымалданатын импорт табиғи газ 2030 жылға таман жылына 25-35 миллиард шаршы метрді құрауы мүмкін. Мүндай көлемдегі импорт қазіргі таңда Солтүстік Америкадан тасымалданатын газбен бірдей.

Оған қоса, бұл Еуроодаққа Ресей газын сатып алу тәуелділігін азайтуға көмектеседі, - деп жазды аталған басылым. Ресей күні бүгін Еуроодаққа жылына 130 млрд текше мерт газ тасымалдайды. Еуропалық энергииялық компаниялар бұл елдерге қойылған санкция аяқталысымен, Иранға оралуды ойлап отыр.

Ірі компаниялар өкілдерінің  өзі энергетика және климат мәселелері жөніндегі еурокомиссары Мигел Арис Каньетемен кездесіп, Иран ашатын мүмкіндіктер жөнінде талқылап үлгерді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ