$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Биыл киіктердің саны 63 пайызға азайды

AstanaTV
14.06.2016ж. 20:00
Биыл киіктердің саны 63 пайызға азайды

Еліміздегі киіктердің қайта жаппай қырылмауына кепілдік жоқ. Өйткені ғалымдар пастереллездің алдын алатын екпе жасаудың жолдарын ұсына алмай отыр. Бұл жөнінде бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Өткен жылы еліміздегі 200 мыңға жуық ақ бөкеннің қырылу себебі - пастереллезден делінген еді. Алайда індеттің алдын алатын шаралар жүргізіліп жатқан жоқ. Соңғы екі айдағы санақ бойынша елімізде барлығы 108 мың бас киік бар. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 63 пайызға аз. Жойылу қаупі төніп тұрған жануарларға қырғидай тиетін браконьерлер де азаймай отыр. Мүйізді киіктерге қызығушылықтың көп болуы олардың табиғи жолмен көбеюіне де кері әсер етіп отыр, дейді мамандар.

Бақытбек Дүйсекеев, ҚР АШМ жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы:

5 айдың ішінде 33 факті тәркіленіп отыр. Оның 33 фактіде киіктердің атылған саны 100-ден асады. Заңсыз киіктердің мүйіздерін тасымалдағанда ұсталған кісілерден алынған киіктердің мүйіздерінің саны 1000-нан астам.