Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Сатушы қызды соққыға жыққан жігіттің әкесі қызметінен кетті

AstanaTV
17.09.2015ж. 20:00
1206
Сатушы қызды соққыға жыққан жігіттің әкесі қызметінен кетті

Сауда орталығында сатушы қызды төсінен тепкен жігіттің әкесі қызметтен кетті. Премьер-министр кеңсесінің инспекторы болып істейтін Болат Тұракелдиев жұмысынан босату туралы арыз жазған. «Бұл жөнінде Қуаныш Тұракелдиевтің қорғаушысы Асқар Үсенбаев мәлімдеді», - деп жазады Тенгриньюс порталы. Сондай-ақ бүгін жәбірленушінің 21 жастағы Меруерт Керімбердиева екені белгілі болды.

Астанадағы сауда орталықтарының біріндегі кинотеатрда ер адамның сатушы қызды аяусыз тепкені жайлы хабарлаған едік. Бейнекамераға түсіп қалған  жігіттің ерсі қылығы әлеуметтік желіні аралап кетті. Кадрда ер адам мен кассир қыздың арасында келіспеушілік туындағанын байқауға болады. Санаулы секундтан кейін жігіт қыз баланы кеудесінен аяусыз теуіп құлатты.

Бұзақының 22 жастағы Қуаныш Тұракелдиев екені анықталды. Қызға күш көрсетіп, істі болған «каратист» жігіт тергеу изоляторына тоғытылды. Оның үстінен Астана қалалық ІІД-ті мамандары Қылмыстық кодексінің 223-бабы, яғни «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.