Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскемендегі өнеркәсіп алаңынан табылған сөмкеде жарылғыш зат болуы мүмкін

AstanaTV
15.06.2016ж. 20:00
1338
Өскемендегі өнеркәсіп алаңынан табылған сөмкеде жарылғыш зат болуы мүмкін

Өскемендегі өнеркәсіп алаңынан табылған сөмкеде жарылғыш зат болуы мүмкін. Бұл туралы жергілікті полицейлер хабарлады. Бүгін таңертең Өскемендегі өнеркәсіп алаңы қоршауға алынды. Сағат 8-дер шамасында жергілікті тұрғындар полицейлерге хабарласып, жаяу жүргіншілер жолында күмәнді кенеп сөмкенің жатқанын айтқан. Оқиға орнына құқық қорғаушылар, кинолог мамандар мен саперлер жедел жетіп, тексеру жұмыстарына кірісті.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД  баспасөз хатшысы:

Бұл хабарды алысымен, оқиға орнын, осы жаңағы сөмке табылған жерді полиция қызметкерлері қоршайды. Яғни бұл көше бойынша көлік қозғалысы, сонымен қатар жаяу жүргіншілер қозғалысына тиым салынады. Сонымен қатар осы сөмке табылған жердегі әкімшілік ғимараттар сонымен қатар дүкендердің келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге апарылды.

Қоршауға алынған алаңда саперлер бірнеше сағат бойы жұмыс жасады. Кенеп сөмкені тексеріп, ішіндегі заттың қауіпсіз екенін анықтады. Дегенмен ондағы металлдар күмән туғызып отыр. Полицейлер сөмкедегінің жарылғыш зат жасайтын компоненттерге ұқсас екенін айтты. Сондай-ақ оның неге әскери-техникалық мектеп маңына тасталғаны белгісіз. Жарылғыш жабдықтың бөлшектері Қорғаныс министрлігіне тексеруге жіберілді.