$462.36 €493.48 ₽5.99
×

ОҚО -да ірі жол-көлік апатында 1 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған

AstanaTV
21.09.2015ж. 13:00
717
ОҚО -да ірі жол-көлік апатында 1 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған

ОҚО-да ірі жол-көлік апаты орын алды. Қайғылы оқиға Қазығұрт ауданына қарасты Рабат ауылы маңында болған.  Алдын ала мәліметтер бойынша, «КамАЗ» жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Осының салдарынан ауыр көлік жолда кетіп бара жатқан 8 бірдей жеңіл көлікті соғып өтеді.

Бас аяғы 22 адам зардап шеккен. Олардың барлығы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері жол апатынан бір сәбидің қаза тапқанын айтты. Өзге де көз жұмғандардың бар жоғы туралы  нақты ақпар әзірге жоқ.  Бұл оқиға туралы толыққанды ақпаратты кешкі қорытынды жаңалытарымыздан біле аласыздар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах