Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан қос жауынгердің денесі жер қойнына тапсырылды

AstanaTV
21.09.2015ж. 13:00
1055
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан қос жауынгердің денесі жер қойнына тапсырылды

Каспий теңізінде болған «Орталық – 2015» оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан қос жауынгердің денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімі Атырау облысында өтті. Құлсарылық Асылжан Махамбетовтің əскерден оралуына бір айға жетпейтін уақыт қалған еді.

Сарбаз соңғы рет анасымен телефон арқылы сөйлесіпті. «Ұлымыз оқу-жаттығуда болатынын айтып, мазаламауымызды сұрады»,- дейді ах ұрған ана.  Жас жауынгермен қоштасуға  қарақұрым халық жиналды.

Асылжан 1996 жылы дүниеге келген. Былтыр мектеп бітіріп, күзде əскерге аттанған екен. Жас жігіт əскери билет алып, жұмысқа араласуды армандапты. Сарбаз антына адал болған.

Қаралы жиында Қорғаныс министрі  Иманғали Тасмағамбетовтің көңіл айту жеделхаты оқылды. Жауынгердің туыстары, əскердегі əрбір қателік қайғымен аяқталмауы үшін, басшылықтың аса қырағы болуы тиіс екендігін, айтып қалды. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ