Шегірткенің
қаптауы - табиғи құбылыс. Мәселені ушықтырудың қажеті жоқ. Оңтүстіктегі
алқаптарға тіс салған шегірткенің қаптауына қатысты Ауыл шаруашылығы министрі,
премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметов осылай деді. Оның ойынша, улау
жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған. Қазір бұған қатысты аймақта арнайы комиссия
құрылып, жұмыс істеп жатыр.
Асқар
Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:
Комиссия
ол жұмыстарды тексеріп жатыр. Кім қай кезде қандай жұмыс атқаруы керек
еді, сол жұмыс атқарылмады. Ал енді
атқарылмаған болса, оған комиссияның қорытындысы бойынша шара көріледі. Ал енді
ол қаптағаннан емес, жоспарлы түрде өңделетін алқаптарда, меніңше, жұмыстың дер
кезінде атқарылмағанынан ғана орын алып отырған нәрсе. Оны 2000-ші жылғы
шегірткенің қаптағанымен салыстыруға келмейді.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ