Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскеменде республикалық драма театрлары фестивалі басталды

AstanaTV
21.09.2015ж. 20:00
1429
Өскеменде республикалық драма театрлары фестивалі басталды

Бүгін Өскеменде республикалық драма театрлары фестивалі басталды. Жиырма үшінші рет өткізіліп отырған өнер мерекесін шығыстағы шырайлы шаһардың өнерпаздары ашты.

Жаңа театр сахнасында қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Керей-Жәнібек" қойылымының премьерасы өтті. Салмақты шығарманы сахналауға 50 актер қатысқан. Қойылымның декорациясы да ерекше. Басқа да аймақтардың театр ұжымдары үздік драмалық қойылымдарын алып келген. Фестиваль қорытындысы бойынша үздіктер апта соңында анықталмақ. Мұнан бөлек, ең үздік қойылым мен ең үздік режиссердің де есімі белгілі болады. 

Дінмұхаммед Ұябай, ШҚО драма театрының директоры:

Фестивальдің мақсаты - Қазақстандағы театрлардың дәстүрлі түрін сақтап қалу, оны дамыту, халыққа таныту. Үздік актерлерді, режиссерлерді анықтап, оларға қолдау көрсету.