$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Павлодарда аяқ астынан қаза тапқан студенттер бір-бірімен таныс болмаған

AstanaTV
22.09.2015ж. 13:00
914
Павлодарда аяқ астынан қаза тапқан студенттер бір-бірімен таныс болмаған

Керекуде аяқ астынан көз жұмған қос студент өзара таныс болмаған. Бұл жайында облыстық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, екі қайғылы жағдайдың арасында ешқандай байланыс жоқ. Анықталғандай, жасөспірімдердің қазасына жүректің кенет тоқтап қалуы себеп болған.

Еске салсақ, қыркүйектің 17-сінде жедел жәрдем дәрігерлері Павлодардағы аялдамалардың бірінде ес-түссіз жатқан 16 жастағы жеткіншекке көмекке келген. Бірақ оқиға орнына жеткен мамандар баланың көз жұмғанын анықтады. Жан сақтау шаралары еш нәтиже бермеген. Келесі күні, дәл осындай жағдай Павлодар мұнай-газ колледжінде де орын алды. Сабақ барысында есінен танып құлаған 19 жастағы жігіт дәрігерлер келгенде клиникалық өлім жағдайында болған. Жасалған өкпе-жүрек реанимациясы көмектеспей, бала сол жерде көз жұмды. Белгілі болғандай, оның денсаулығында бұрыннан ақау болған.

Галина Сукончик, Павлодар облыстық ЖДСА бас дәрігерінің орынбасары:

Бұл жағдайлардың арасында ешқандай байланыс жоқ. Біз тексеру кезінде ешқандай күдікті нәрсе таба алмадық. Және есіркімен байланысты деген ақпарат та жалған. Бәрі аяқ астынан болды. Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда қайғылы оқиға бұрынғы ауруымен байланысты болуы мүмкін.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах